Қазақстанда маркетплейстердегі сатушылардың аккаунттарын салық органдарының шешімімен блоктау туралы норма Налогтық кодекске енгізілмейтін болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

LS басылымының сұранысына жауап ретінде Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына интернет-алаңдардағы сатушылардың аккаунттарын блоктауға мүмкіндік беретін норманы қосу идеясынан бас тартқанын мәлімдеді. Бұл норма бизнеспен, соның ішінде «Атамекен» ҰКП және басқа да салалық қауымдастықтармен талқыланған.

Блоктау салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны немесе камералдық бақылауды орындамағаны үшін қарастырылған болатын.

Сонымен қатар, түзетулердің негіздемесінде маркетплейстер арқылы талдау нәтижелері бойынша 2 трлн теңгеден астам сомаға тауарлар сатылғаны көрсетілген. Оның ішінде 200 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар шығу тегін растайтын құжаттарсыз сатылған.

Бұған дейін қазақстандық салық органдары маркетплейстер мен интернет-алаңдардағы сатушылардың аккаунттарын хабарламаларды орындамағаны үшін тікелей блоктай алатыны хабарланған. Салық органы маркетплейс иесіне үш жұмыс күні ішінде шешім жібереді, содан кейін алаңда сатушының саудаға қол жеткізуін жабу үшін осындай мерзім болады деп болжанған.