Ресейді есепке алмағанда, ТМД-дағы ең мықты шахмат державалары – Қазақстан мен Өзбекстан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл пікірді Ресей Федералдық кеңесінің сенаторы, гроссмейстер Сергей Карякин Екатеринбургте өтіп жатқан халықаралық жастар фестивалі барысында білдірді. Фестивальде "Орыс үйлеріндегі шахмат дипломатиясы" жобасы таныстырылды.
Іс-шара барысында шеберлік сыныбын өткізген гроссмейстер жастардың дайындығына риза болды. Қатысушылардың бірі тіпті әлем чемпионымен өткен тартысты партияны тең ойынмен аяқтады. Карякин фестиваль қонақтарының шахмат деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Айта кетейік, Халықаралық жастар фестивалі Екатеринбургте 11-17 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.
