Қарағанды – Балқаш тасжолында Chevrolet Cobalt көлігі аударылып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 18 наурызда Астана — Қарағанды — Алматы тасжолында, Ақшатау кентінен Қарағандыға қарай 40 шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ұзаққа созылған бұрылыста жолдан шығып кеткен.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарап, оның авторы жүргізуші рөлде ұйықтап кетуі мүмкін деп болжайды.
Жол апаты салдарынан 30 жастағы жүргізуші мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
««Осы орайда жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге, сондай-ақ жылдамдықты асырмауға шақырамыз», — делінген полиция хабарламасында.»
—
