Канье Уэсттің Алматыдағы концерті ертеңге ауыстырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Рэпердің концерті бірнеше минут бұрын басталуы керек еді. Алайда бүгін кешке қалада қолайсыз ауа райы басталды. Қалада жаңбырдан кейін жел тұрды.

Соның салдарынан Канье Уэсттің концертіне тігілген шар тәрізді шатыр ұшып кете жаздады. Бүгінгі билеттермен ертең кіруге болады.