Канадалық миллиардер Фрэнк Стронах жыныстық зорлық-зомбылық пен әдепсіз әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот үкімі 19 маусымда жарияланды. Стронахқа қатысты айыптаулар бірнеше жыл бұрын орын алған оқиғаларға қатысты. Ол өз кінәсін мойындамады. Алайда сот оны кінәлі деп тапты.