Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы мектепте жаппай атыс болып, он адам көз жұмды. Тағы 25 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, құрбандардың алтауының денесі білім ордасының ішінен табылған. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілмей, жолда жан тапсырған.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары қаладағы үйлердің бірінен тағы екі адамның мәйітін анықтады. Күдіктінің өзі де оқиға орнында өлі күйінде табылды.
Қазіргі уақытта полиция шабуылдың себебін анықтап жатыр. Күдіктінің бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.
Фото: Әлеуметтік желіден
