Канада АҚШ-пен соңғы сәтте келіссөз жүргізіп, шамамен $20 млрд құнындағы тауарларға 50% пошлина енгізілуін болдырмауға тырысуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Канада премьерінің кеңсесінде саясаткерлер жалғасып жатқан сауда келіссөздерін талқығандарын, бірақ әңгіме толық ашылмағанын хабарлады.
Жаңа пошлина 19 тамызда күшіне енуі тиіс. Олар шамамен $20 млрд канадалық импортқа әсер етіп, USMCA келісімі аясында бұрын жеңілдік режимін пайдаланған тауарлардың бір бөлігіне де таралады.
Келіссөздердегі басты кедергілердің бірі — АҚШ-тың канадалық автомобильдерге салатын тарифтері. Қазіргі ставка 25% құрайды.
Тараптар оны 15%-ға дейін төмендету мүмкіндігін талқылап жатыр, кейін автомобильдегі америкалық компоненттердің үлесіне байланысты одан әрі азайту қарастырылуда.
Сонымен қатар, Вашингтон тек АҚШ-та өндірілген бөлшектерді ғана есепке алуды ұсынады, ал Оттава барлық солтүстікамерикалық компоненттерді, оның ішінде канадалық және мексикалық бөлшектерді қосуды талап етеді.
Канадалық автокөлік өнеркәсібі өкілдері тіпті 15% ставканы да тым жоғары деп санайды. Олардың бағалауынша, пошлина енгізілгенге дейін саланың орташа рентабельділігі шамамен 6% құраған.
Канадалық келіссөзшілер Вашингтонда консультацияларды жалғастыруда. Бұған дейін олар АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грирмен және сауда министрі Говард Лютникпен екі сағатқа жуық кездесу өткізген.
Канадалық бизнес жаңа пошлина жұмыс орындарының қысқаруына және кәсіпорындардың жабылуына, әсіресе орман, шарап және сүт өнеркәсібінде әкелуі мүмкін деп ескертеді.
Канада үкіметі бұған дейін тарифтер күшіне енген жағдайда әртүрлі жауап нұсқаларын қарастырып жатқанын, оның ішінде зардап шеккен салаларға қолдау көрсету және екіжақты сауда келіссөздерін тоқтата тұру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.
