Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Бұл сапар Қазақстан мен Камбоджа арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған. Ресми кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
