Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Қазыбек Калмагамбетов Братиславада өтіп жатқан жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатында чемпион атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алтын медаль үшін өткен белдесуде Калмагамбетов беларусьтік Михаил Марковскийді 13:7 есебімен ұтты.

Финалға апарар жол

Калмагамбетов финалға дейін келесі қарсыластарды тізе бүктірді:

  • 01Неміс Себастьян Вагнер – 9:0;
  • 02Американдық Эмрин Брайан Наттер – 1:1 (судьялар шешімімен);
  • 03Мысырлық Мохамед Хасан Ахмед Мохамад Абдельрехим – 4:1 (ширек финал);
  • 04Венгриялық Петро Житовоз – 7:5 (жартылай финал).

Бұл Братиславадағы біздің құраманың алғашқы медалі. Әрі бірден алтын!

Басқа қазақстандықтардың нәтижелері

Калмагамбетовтың командаласы Марлан Бакаев (72 келіге дейін) жұбаныш белдесулерінде қола үшін күреске шыға алмады. Ал Ерасыл Мусан (55 келі) мен Максим Украинцев (97 келі) ерте кезеңдерде жеңіліп, медальға іліне алмады.

Алдыңғы күні Еркебулан Анапия (77 келі) қола үшін белдесуде ирандық Амир Махди Мохаммад Саеди Навеге 3:5 есебімен жол берді.

Турнир туралы

Халықаралық күрес федерациясының (UWW) эгидасымен өтіп жатқан әлем біріншілігіне планетаның түкпір-түкпірінен 700-ге жуық жас спортшы қатысуда. Олар күрестің үш түрінен – грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 120 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан Братиславада 30 спортшымен өнер көрсетуде – 20 жігіт және 10 қыз.