Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Еуроодақ елдерін өз қорында бар әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды Украинаға беруге шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, кейін бұл елдердің қорын жаңа өндірілген зымырандар есебінен толықтыруға болады.
Калластың мәлімдемесі
«Кейбір елдерде мұндай зымырандар бар. Сондықтан біз оларды қазір пайдалануға беруге шақырамыз, кейін жаңасын өндіруге болады», – деді Каллас Брюссельде ЕО қорғаныс министрлері отырысы алдында журналистерге.
Оның айтуынша, Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары өте қажет.
«Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері шұғыл қажет. Біз қорында осындай құралдары бар елдерге оларды Украинаға беруге тағы да шақырамыз. Кейін өндірілетін Patriot зымырандары олардың қорын қайта толықтыра алады», – деді ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі.
Еуропалық комиссияның шешімі
11 қыркүйекте Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ, оның ішінде әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын сатып алуға 6,1 млрд еуро бөлу туралы шешімді мақұлдады.
Бұл шешім Киевке ЕО кредиті есебінен Patriot кешендеріне арналған америкалық PAC-3 зымырандарын сатып алуға мүмкіндік береді.
