Калифорния және тағы 11 штат Paramount компаниясының Warner Bros-пен $110 миллиардтық бірігуіне тыйым салу үшін сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа берілген шағымда бұл бірігу бәсекелестікке кері әсер ететіні және тұтынушылардың мүддесіне зиян келтіретіні айтылған. Штаттар бұл мәміленің медиа нарығында монополияны күшейтетінін алға тартады.