Батыс Колумбияда болған 7,4 балдық жер сілкінісінен кемінде 169 адам қаза тапты, тағы ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құрбандардың көпшілігі Колумбияның үшінші ірі қаласы — Калиде тіркелді. Құтқарушылар қираған ғимараттардың астында қалған адамдарды іздеп жатыр.
Бұл Колумбиядағы соңғы жылдардағы ең ірі жер сілкінісі болып отыр.
