Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады. Бұл туралы qazaqyia.kz/ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді.

Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау).

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

фото: polisia.kz

qazaqyia.kz/