Кабо-Вердедегі Фогу аралындағы таулы аймақта болған жолаушылар автобусының апатынан кемінде 25 адам, негізінен жасөспірімдер қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға сенбі күні Фогу аралындағы Кампанас-де-Сима жолында болды. Жергілікті билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, бірнеше адам жарақат алды.
Кабо-Верде президенті Жозе Мария Перейра Невес бұл оқиғаны өзінің Facebook парақшасында "үлкен апат" деп атады.
Жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жеті мәйіт жағдайына байланысты дереу жерленген. Апаттың себебін билік әлі анықтаған жоқ.
Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметінше, президент пен бірнеше шенеунік жексенбі күні аралға баруды жоспарлап отыр.
