«Ордабасы» 18-турда «Елимайды» 3:1 есебімен жеңіп, норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен қатарынан бесінші ойында гол соқты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еврокубоктағы армяндық «Алашкерттен» кейін, семейлік «Елимай» Шымкентте «Ордабасыдан» 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Есепті 35 жастағы норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен ашты, ол қатарынан бесінші матчта гол соғып отыр. Йонсен саудиялық «Әл-Ухдадан» ауысып, «Ордабасы» сапында әр ойында гол соғады – чемпионатта да, Кубокта да. Бүгін ол 7-минутта есеп ашты – 1:0.

Алайда бес минуттан кейін тоголық бельгиялық Элож Меме Плакка Фессу есепті теңестірді. Бірақ кейінгі ойын барысы үй иелерінің басымдығын көрсетті. Бірінші таймда камерундық Ги-Марселен Килама Андрей Мартин шәкірттерін алға шығарса, екінші таймда Эльхан Астанов пенальтиді мүлтіксіз орындады – 3:1.

Армениямен бірінші ойында жарақат алып, маусым соңына дейін шыққан Рамазан Оразовсыз «Елимайдың» әлеуеті айтарлықтай төмендеді. Орталық алаңда және қарсылас айып алаңына жақындауда Андрей Карпович шәкірттеріне шығармашылық жетіспеді – бұл еврокубокта да, бүгінгі матчта да байқалды.

Жеңіске жеткен «Ордабасы» турдың сенбілік матчтарынан кейін көш бастаған «Қайратты» қайта озды.

Турдың басқа матчтары:

⚽ АЛТАЙ (Өскемен) – АҚТӨБЕ 2:4 (0:2). Голдар: Ордец 20 (0:1), Соса 30 (0:2), Ерланов 55 (0:3), Подстрелов 73 (1:3), Соса 81 (1:4), Джамбор 90+2 (2:4). Алаңнан қуылды: Мичевич (Ал, 90+3)

⚽ ОРДАБАСЫ (Шымкент) – ЕЛИМАЙ (Семей) 3:1 (2:1). Голдар: Йонсен 7 (1:0), Плакка Фессу 12 (1:1), Килама 37 (2:1), Э. Астанов 60 пенальти (3:1)

⚽ ОКЖЕТПЕС (Көкшетау) – ЖЕТІСУ (Талдықорған) 2:0 (1:0). Голдар: Бородин 22 пенальти (1:0), Жанғылышбай 90+2 (2:0). Алаңнан қуылды: Зиванович (Ж, 75)

⚽ ЖЕҢІС (Астана) – ҰЛЫТАУ (Жезқазған) 1:1 (0:0). Голдар: Зулфикаров 65 (0:1), Хасейн 86 (1:1)

⚽ ҚЫЗЫЛЖАР (Петропавл) – ТОБЫЛ (Қостанай) 1:1 (1:1). Голдар: Зуев 31 (0:1), Латифи 40 (1:1)

⚽ ҚАЙСАР (Қызылорда) – КАСПИЙ (Ақтау) 1:1 (1:0). Голдар: Мұхамед 41 (1:0), Силла 90 (1:1). Алаңнан қуылды: Моргадо (Кас, 88)

⚽ АТЫРАУ – ҚАЙРАТ (Алматы) 1:3 (0:3). Голдар: Прце 8 (0:1), Эдмилсон 15 (0:2), Эдмилсон 24 (0:3), Девенс 70 (1:3)

Нигерлік шабуылшы Даниэль Сосаның дублі «Ақтөбенің» «Алтай» үстінен қонақтағы жеңісіне септігін тигізді. Маусымды сәтсіз бастаған ақтөбіліктер турнирлік жағдайын біртіндеп түзетіп келеді. Олар қазір кестеде бесінші орында.

19-турдың орталық матчында «Қайрат» 26 шілдеде «Ордабасыны» қабылдайды. Дәл осы күні «Тобыл» – «Атырау», «Елимай» – «Қайсар», «Астана» – «Алтай» және «Каспий» – «Жеңіс» ойнайды. 25 шілдеде кезекті тур «Ұлытау» – «Ертіс», «Жетісу» – «Қызылжар» және «Ақтөбе» – «Оқжетпес» матчтарымен басталады.