Йеменнің батыс жағалауындағы соғыс қимылдары соңғы он күнде мыңдаған адамның Баб әл-Мандаб бұғазынан қайықпен өтіп, Джибутиге қашуына себеп болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

BBC тілшісі Фрэнк Гарднер Обоктегі босқындар лагеріне барды. Бұл шағын порт қаласындағы шенеуніктер 10 000-ға дейін босқынның келуіне дайындалып жатыр.

БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы адамдардың толып кеткен қайықтармен жүзіп, өте шектеулі азық-түлік пен сумен келетінін мәлімдеді.

Бұл өткелдер Иран қолдайтын Хуси қозғалысының маңызды аралды бақылауға алу және стратегиялық маңызды Моха портын басып алу мақсатындағы шабуылынан туындады.