Йеменнің хуситтік қозғалысы Сауд Арабиясына қарсы теңіз блокадасын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Хуситтер бұл қадамды Сауд Арабиясының Йемендегі әскери әрекеттеріне жауап ретінде қабылдағанын айтты. Блокада Қызыл теңіздегі кеме қатынасына әсер етуі мүмкін.