Йемендік «Ансар Аллах» хусит қозғалысы Қызыл теңізде израильдік кемелердің жүзуіне толық және жан-жақты тыйым салынғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Топтың әскери қолбасшылығының ресми мәлімдемесінде енді кез келген израильдік теңіз тасымалы және Израильге қатысты кемелер хуситтер тарапынан заңды әскери нысан ретінде қарастырылатыны атап көрсетілген.
«Біз Қызыл теңізде израильдік теңіз кеме қатынасына толық және жан-жақты тыйым саламыз және осы мәлімдеме жарияланған сәттен бастап жаудың барлық қозғалысын біздің қарулы күштеріміз үшін заңды әскери нысан деп санаймыз», — делінген дүйсенбі күні хусит қозғалысының әскери өкілі Яхья Саридің телеграм-арнасында жарияланған хабарламада.
Хабарламада хусит қозғалысы «эскалацияға эскалациямен жауап беретіні және әскери операциялар жердегі жағдайдың дамуына, шайқас барысына және қарсыласу осімен өзара әрекеттесуге сәйкес күшейетіні» атап өтілген.
Жарияланымда «Йеменнің қарулы күштері Яффа аймағындағы израильдіктердің сезімтал нысандарына зымырандық соққы бергені» расталған.
«Біз халқымыздың америкалық-израильдік агрессияға қарсы тұру құқығын растаймыз», — деп атап көрсетілген хабарламада.
Бұған дейін «Курсив» 2026 жылғы 8 маусымда Израиль мен Иран ауқымды зымырандық соққылар алмасып, сәуір айынан бері қолданыста болған атысты тоқтату туралы келісімге қауіп төнгенін жазған болатын. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамппен бірқатар шұғыл келіссөздерден кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранға шабуылдар толқынын аяқтау туралы шешім қабылдағаны хабарланған.
