Дубайдан Тель-Авивке ұшқан Flydubai әуе компаниясының ұшағында бір пилот екінші пилотты пышақтап, «ұшақты құлатпақ болғаны» туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқанда, екі минуттан аз уақыт ішінде 17 000 фут (5 200 метр) биіктікке құлдилап, кейін Сауд Арабиясына бағытталған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ұшақ ішіндегі куәгерлер оқиға сәтін сипаттап, бір ер адам көмекке шақырған.