Израиль мен АҚШ Иранға қарсы әскери операцияның екінші кезеңі басталғанын жариялады. Екі елдің әскери басшылығы енді Иран аумағына жасалатын соққылардың жиілейтінін ескертті, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Израиль қорғаныс армиясы Бас штабының басшысы Эяль Замирдің сөзінше, операцияның бірінші кезеңі сәтті өткен. Одақтастар күтпеген шабуыл жасап, әуеде толық басымдыққа ие болған және Иранның баллистикалық зымырандармен соққы беру әлеуетін едәуір төмендеткен.

««Күтпеген шабуыл кезеңі аяқталғаннан кейін біз әуедегі үстемдікті қамтамасыз еттік. Енді науқанның келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде режимнің негізі мен оның әскери әлеуетіне соққыны күшейтеміз», — деді Замир.»

Reuters агенттігінің хабарлауынша, әскери операцияның жаңа кезеңі Иранның жер астында орналасқан зымыран инфрақұрылымына бағытталады. Негізгі мақсат — зымырандарды ұшыруға арналған жасырын базалар мен шахталарды толық жою.