Түркияның Измир қаласындағы металлургия зауытында жарылыс болды. Төтенше оқиғадан қаза тапқандар саны алтыға жетті, деп хабарлады Star газеті аймақтық билікке сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Өкінішке орай, қаза тапқандар саны алтыға жетті», - деп хабарлады газет аймақтық шенеуніктің сөзін келтірді.
Жарылыс жайында бүгін таңертең белгілі болды. Haber телеарнасы аймақтық губернаторлыққа сілтеме жасай отырып, үш адамның қаза тауып, 14 адамның жарақат алғанын, тағы он адамның қирандылардың астында қалғанын хабарлады.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда. Аймақтық билік жарылыстың себептерін анықтауға кірісті.
