Итальяндық аспаз Дэвид Тамбурелла биыл мамыр айында Брисбендегі мейрамханадан жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мейрамхана басшылығы аспаздың мінез-құлқына қатысты бірнеше шағымнан кейін осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сол шағымдардың бірі — Тамбурелланың іс-шара барысында қонақтарға ветчина мен ананас қосылған пицца беруден бас тартуы.
Бұл аспаздың соңғы төрт жыл ішінде пиццаға ананас пайдаланудан үшінші рет бас тартуы еді. Ол кезде аспаз ананасты пиццаға қосу «өз мәдениетіне қорлау» екенін айтқан.
Австралиядағы тілші Кэти Уотсон Тамбурелланың жұмыстан шығарылуына не себеп болғанын түсіндіреді.
