Италияның Неаполь қаласы маңында 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі салдарынан электр қуатының үзілуі және ғимараттардың зақымдануы тіркелді. Қазіргі уақытта құрбандар мен жарақаттанғандар туралы ақпарат жоқ.
