Италияның Милан қаласында бүгін, 6 ақпанда, XXV Қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Дүбірлі додаға Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 36 спортшы қатысып, ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Ойындардың ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул шебері Аяулым Әмренова алып шығады. Салтанатты рәсім әлемге әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өтеді.
Ұлттық құрама сапында 18 ер және 18 әйел спортшы бар. Құрамадағы ең жас спортшы – 16 жастағы фристайл-акробатика шебері Асан Асылхан болса, ең тәжірибелісі – 33 жастағы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев.
Бұл Олимпиаданың басты ерекшелігі – жарыстардың бірнеше қала мен аймақта қатар өтуі. Атап айтқанда, спорттық шаралар Милан (Ломбардия), Венето, Трентино қалаларында және Кортина-д’Ампеццо, Вальтеллина, Валь-ди-Фьемме өңірлерінде ұйымдастырылады.
Жалпы, спортшылар 195 медаль жиынтығын сарапқа салады. Оның 116-сы – олимпиадалық, 79-ы – паралимпиадалық медальдер. Ойындар 22 ақпанға дейін жалғасады.
Фото: Әлеуметтік желіден
