Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырдағы құттықтауы үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мелони Тоқаевқа "жоғары бағасы мен шынайы достығы үшін" алғыс білдірді. "Стратегиялық көзқарасы бар және болашаққа ұмтылатын көшбасшымен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе. Біз бірге Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, энергетика мен аса маңызды минералдық ресурстардан бастап, жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастыққа дейін стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін ашып жатырмыз", – деп жазды ол.
Премьер-министр тараптар бұл бағыттағы жұмысты "халқымыздың өсіп-өркендеуі мен әл-ауқаты жолында" жалғастыратынын атап өтті.
4 қыркүйекте Қазақстан президенті Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді оның үкіметі ел тарихындағы ең ұзақ жұмыс істеген үкіметке айналуымен құттықтап, италиялық премьердің екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Бұл туралы Қазақстан көшбасшысы X әлеуметтік желісінде жазды.
2025 жылғы мамырда Тоқаевтың шақыруымен Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.
