Испанияның оңтүстігіндегі орман өрті салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар агенттігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт оңтүстік Испаниядағы бірнеше аймақты шарпыды, құрбандар саны 12-ге жетті. Төтенше жағдайлар қызметі өрттің таралуын бақылауға алу үшін күш салуда.
