Испанияның бұрынғы көлік министрі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот үкімі бойынша, бұрынғы министр лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ірі көлемде пара алған. Бұл іс Испаниядағы жоғары лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлығына қатысты ірі сот процестерінің бірі болып отыр.