Испаниядағы су тасқынынан екі әйел қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға елдің оңтүстігінде болған. Құрбандардың екеуі де әйел адамдар. Қазіргі уақытта құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аймақтарда жұмыс істеп жатыр.
Су тасқыны ауыл шаруашылығына да зиян келтірді. Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап, қажетті көмек көрсетуде.
