Испаниядағы теміржол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. СІМ деректерді тексеруді жалғастырып жатыр», – деп мәлімдеді министрлік.

Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испаниядағы теміржол апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Испания королі VI Фелипеге, қаза тапқандардың отбасыларына және Испания халқына көңіл айтты.

Испанияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 68 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астам адам жарақат алған. Қайғылы оқиғаға байланысты Испанияда үш күндік аза тұту жарияланды.