Испаниядағы Airbus зауыттарының жұмысшылары еңбек жағдайларына наразылық білдіріп, ереуілге шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ереуілге қатысушылар жалақыны көтеруді және жұмыс уақытын қысқартуды талап етуде. Қазіргі уақытта тараптар арасында келіссөздер жүріп жатыр.