Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі кезде желіде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Алайда заң бойынша Қазақстан азаматтары тек аты-жөнін және басқа да дербес деректерді өзгертуге құқылы.

"Ал ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", — дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетері, министр президентке есеп берген. Биыл тоғыз айдың ішінде интернет-алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарға 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылған.