Ішкі істер министрлігі ата-аналарға қалың қардың түсуіне байланысты балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Ведомствоның мәлімдеуінше, қысқы ойындар, әсіресе шанамен сырғанау, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін. Балалар қардың үстінде ойнап жүріп, айналасындағы қауіп-қатерді байқамай қалуы ықтимал. Осыған байланысты ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға бірнеше маңызды ережені ескеруді ұсынды.

Балаларға түсіндірілуі тиіс қауіпсіздік ережелері

  • 01Тек тротуар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүру – балалардың қауіпсіз жолдармен жүруін қадағалау керек.
  • 02Жол бойында ойнамау – сырғанақ, шана немесе басқа ойындарды жолға жақын жерде өткізбеу қажет.
  • 03Жолды кесіп өткенде абай болу – әрқашан екі жаққа қарап, жолдың бос екеніне көз жеткізу.
  • 04Ашық түсті киім кию – қыста қараңғы ерте түсетіндіктен, балалардың көрінуін арттыру үшін ашық түсті, көзге түсер киімдер кию маңызды.

Ақтоты Боранова ата-аналарды қырағылық танытып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үндеді. «Сіздің жанашырлығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады!» – деп атап өтті ол.