Иранның батысында жанармай цистернасы жарылып, 11 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға сенбі күні кешке Иранның батысындағы Сандаж қаласына жақын жерде, жол полициясы бекетінің жанында болған. Цистерна басқа көліктерге соғылып, содан кейін тұтанып кеткен. Бұл қала астана Теһраннан шамамен 400 шақырым (248 миль) батыста орналасқан.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, апаттың себебі тежегіш жүйесінің ақауы болған. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

2018 жылы Сандаж маңында жанармай цистернасы мен қалааралық жолаушылар автобусы қатысқан ұқсас жол апаты салдарынан 15 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған болатын.

Иранда жол-көлік оқиғалары жыл сайын 17 мыңнан астам адамның өмірін қияды. Сарапшылар мұндай жоғары өлім-жітім деңгейін қауіпсіз емес көліктерге, жол ережелерін елемеуге және жедел жәрдем қызметтерінің жеткіліксіздігіне байланыстырады.