Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілдері АҚШ-қа егер қажет болса, Иранға қарсы біржақты әскери операция бастауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

The Jerusalem Post басылымының қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, израильдік жоғары лауазымды шенеуніктер америкалық әріптестерімен өткен бірқатар кездесуде осындай ұстанымын жеткізген.

«Израиль тарапы Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасы елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін, тіпті мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төндіретінін ескерткен.»

Кездесулер барысында әскерилер Тегеранның зымыран әлеуетін әлсіретуге бағытталған жедел тұжырымдамаларды таныстырған. Бұл жоспарлардың ішінде Иранның негізгі өндірістік нысандарына соққы беру нұсқалары да бар екені айтылады.

Фото: Әлеуметтік желіден