АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс ушығып, Таяу Шығыста жаңа соғыс қаупі туындады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазы арқылы 10 мұнай танкерін өткізгенін мәлімдеп, мұны келіссөздер барысындағы «жақсы ниеттің белгісі» деп атады. Сонымен қатар Ақ үй Тегеранның өтініші бойынша Иранның энергетикалық нысандарына жасалатын соққыны 10 күнге шегерген.
Алайда, осыған қарамастан, АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы әскери операцияға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Дәл осы тұста Израиль Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) теңіз күштері қолбасшысы Алиреза Таңсаридің көзін жойғанын хабарлады. Ол әлемдік мұнай тасымалының шамамен 35%-ы өтетін стратегиялық маңызды Ормуз бұғазын жабуға жауапты болған. Бұғаз жабылғаннан кейін мыңдаған кеме жолда тұрып қалған.
«Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл жағдайды «агрессия» деп атап, Мәскеу өзінің стратегиялық серіктесі Иранды қолдайтынын жеткізді.»
—
