АҚШ өкілдерінің айтуынша, Иран жүк кемесіне оқ жаудырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Кеменің қай елге тиесілі екені және оқ жаудыру салдарынан зардап шеккендер бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. АҚШ өкілдері бұл мәліметті растағанымен, толық деректерді жариялаудан бас тартты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл оқиға Таяу Шығыстағы шиеленісті одан әрі ушықтыруы мүмкін. Иран тарапы әзірге ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ.
