Иран Жапонияға мұнай сату мүмкіндігін зерттеп жатыр, ал жапондық сатып алушылар АҚШ санкцияларынан ұзағырақ босатуды сұрайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздердің айтуынша, Иран жапондық мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнай жеткізу мүмкіндігін талқылап жатыр. Жапония бұрын Иран мұнайының ірі сатып алушысы болған, бірақ АҚШ санкцияларына байланысты импортты тоқтатқан еді. Қазір жапондық компаниялар санкциялардан босату мерзімін ұзартуды көздеп отыр.