Алдағы үш күнде солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағында үстемдік етуін жалғастырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы «Казгидромет» синоптиктеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Циклонның өтуіне және ыстық пен суық ауа массаларының соқтығысуына байланысты елдің солтүстігінде және шығысында найзағаймен нөсер жаңбыр, желдің күшеюі күтіледі, ал кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік өңірлердің тұрғындары үшін ауа температурасы қолайлы болады: күндіз ауа тек +22…+27 градусқа дейін жылынады.

Алайда батыс және оңтүстік өңірлердің тұрғындарына онша жол болмайды. Оларды жаңа ыстық толқыны күтіп тұр. Ираннан келетін жылы ауа термометр бағандарын батыста +34…+39 градусқа, оңтүстікте +37…+42 градусқа дейін көтереді.

Сондай-ақ оқыңыз: Аномальды ыстықтан +3°С-тағы аязға дейін: Қазақстанда тамыз қандай болады.

Тоқтаусыз аномальды ыстыққа байланысты Қазақстанның кейбір аудандарында қатты қуаңшылық болжанады. Ол бірден жеті өңірді қамтиды: БҚО, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Бұған дейін «Курсив» 5 тамызда Қазақстанда бұршақ, дауыл және +40°C-қа дейін ыстық күтілетінін жазған болатын.