АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылғы Иран ядролық келісімінің негізгі ережелерін жойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісімнің негізгі ережелері Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге және оның орнына санкцияларды алып тастауға бағытталған еді. Трамптың шешімі халықаралық қауымдастық тарапынан алаңдаушылық тудырды.
