Иран ядролық келісім бойынша ұсынылатын жобаны үш күн ішінде аяқтайтынын, бірақ АҚШ Президенті Дональд Трамппен тек құрмет тілінде сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчидің айтуынша, Женевадағы келіссөздерде АҚШ тарапы уранды байытуға толық тыйым салуды талап етпеген. Ол келісім жобасы дайын болғаннан кейін жоғары басшылықтың мақұлдауын алып, АҚШ-қа жолдайтынын жеткізді.
Сонымен қатар Аракчи АҚШ-тың бұрынғы үкіметтерімен қарым-қатынаста жағымсыз тәжірибе болғанын, бірақ Иран америкалықтарды жау санамайтынын атап өтті.
««Егер бізбен күш көрсету тілінде сөйлессеңіздер, біз де дәл сол тілмен жауап береміз. Бұрынғы АҚШ үкіметтері бізге қарсы бәрін қолданып көрді: соғыс, санкциялар, түрлі механизмдер. Бірақ ешқайсысы нәтиже берген жоқ», – деді ол Трампқа қарата айтқан сөзінде.»
—
Иран өкілі тек өзара құрметке негізделген қарым-қатынас оң нәтиже беретінін баса айтты.
««Егер олар Иран халқымен құрмет тілінде сөйлессе, біз де сол тілде жауап береміз. Ирандықтар – намысты халық, олар тек құрмет тілін түсінеді. Бізбен сөйлесудің жалғыз жолы – осы», – деп түйіндеді Аббас Аракчи.»
—
