Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әскери операциясы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты 1 наурыз күні таңертең Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars сияқты Иранның мемлекеттік агенттіктері растады. Fars агенттігінің хабарлауынша, Хаменеи өз резиденциясында, жұмыс орнында өлтірілген.
««Ислам революциясының ұлы көсемі, құрметті аятолла Хаменеи 28 ақпан күні таңертең сионистік режим мен АҚШ жасаған шабуыл салдарынан шейіт болды», – делінген ресми хабарламада.»
—
Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту және жеті күндік демалыс жариялады. Хаменеи Ислам Республикасын соңғы 36 жыл бойы басқарған еді.
««Бұл ауыр қылмыс ешқашан жауапсыз қалмайды… Біз осы қылмысты ұйымдастырып, жүзеге асырғандарды өкіндіреміз», – делінген Иран президентінің ресми Telegram-арнасындағы мәлімдемеде.»
—
Бұған дейін Хаменеидің қазасы туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп хабарлап, ирандық рухани көсемді «тарихтағы ең қатыгез зұлымдардың бірі» деп атаған болатын.
