АҚШ-тың тағы бір түнгі соққысынан кейін Иран Парсы шығанағындағы мемлекеттерге шабуылдарын жаңартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы әскери әрекеттер аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтті. АҚШ әскери күштері Иран нысандарына соққы беруді жалғастыруда, ал Тегеран жауап ретінде көршілес Парсы шығанағы елдеріне шабуылдарын қайта бастады.
