Иран парламентінің комитеті АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазынан өтуіне тыйым салатын заң жобасын қарастыруда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Fars агенттігінің хабарлауынша, заң жобасы Иран парламентінің тиісті комитетінде талқылануда. Бұл қадам АҚШ пен Израильге қатысты шиеленістің артуы аясында жасалып отыр.
Ормуз бұғазы — әлемдегі мұнай тасымалының маңызды өткелі, ол Парсы шығанағын Оман шығанағымен жалғайды. Бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай экспортының едәуір бөлігі өтеді.
Заң жобасының нақты ережелері мен қабылдану мерзімі әзірге белгісіз. Иран билігі бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
