Иран Ормуз бұғазында ADNOC* кемесіне зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлайды Reuters БАӘ билігіне сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания қақтығыс оның жұмысына айтарлықтай кедергі келтіргенін мәлімдеді.
Қақтығыс басталғаннан бері 15 ADNOC кемесі зымыран және дрон шабуылдарына ұшырады, олардың үшеуі осы аптада болды.
БАӘ билігі шабуылды айыптап, оны қарақшылық әрекеті деп атады және Иранды шабуылдарды тоқтатуға және Ормуз бұғазында кеме қатынасы еркіндігін қамтамасыз етуге шақырды.
*ADNOC - Әмірліктің негізгі энергетикалық активтерінің бірі, Әбу-Дабидің мемлекеттік мұнай-газ компаниясы.
