Ирантанушы Жәнібек Көпжасардың болжауынша, АҚШ әскері Иранның құрлықтағы аумағына емес, оның мұнай экспортында маңызды рөл атқаратын Харк аралына басып кіруі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
«Менің ойымша, АҚШ жаяу әскерін Иранның құрлықтағы аумағына емес, Парсы шығанағындағы Харк аралына түсіруі ықтимал. Ең кескілескен шайқас та осы аралда өтетін сияқты. Иран соңғы бірнеше күнде осы аралға жаяу әскерін шоғырландырып, оның маңайын толық миналап тастады. Харк – Иран үшін стратегиялық маңызы зор арал. Себебі Иран мұнайының 95%-ы дәл осы арал арқылы экспортталады. Шикі мұнай танкерге тек осы жерден құйылады. АҚШ-тың көздегені де осы. Сонымен қатар осы соғысты пайдаланып, Біріккен Араб Әмірліктері Парсы шығанағындағы Әбу Мұса, Томбе Бозорг және Томбе Кучек аралдарын басып алуы әбден мүмкін.»
—
