Қытайдың тәуелсіз мұнай өңдеу зауыттары («чайниктер») ирандық мұнайдан бас тартып, Таяу Шығыстың басқа жеткізушілеріне ауысуына байланысты Иран мұнайы теңізде қалып қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трейдерлердің айтуынша, Иран мұнайының теңіздегі қоры күрт өсті, себебі Қытайдың «чайниктері» бағасы төмендеген басқа Таяу Шығыс жеткізушілеріне ауысты. Бұл Иранның мұнай экспортына қысым жасап, оның нарықтағы үлесін азайтты.
