Цюрих әуежайында Иранмен келіссөздерге байланысты енгізілген ұшуға тыйым салу аймағы рейстердің кестесін бұзды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Билік өкілдерінің мәліметінше, ұшуға тыйым салу аймағы Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді қамтамасыз ету үшін уақытша енгізілген. Бұл шара әуежайдың қалыпты жұмысына кедергі келтіріп, бірқатар рейстердің кідіруіне немесе бағыттың өзгеруіне әкелді. Нақты қанша рейс зардап шеккені және кідірістердің ұзақтығы туралы ақпарат әзірге жарияланбады.
