Иран АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау үшін нақты шарт қойды. Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Эбрахим Азизи Тегеран Вашингтонмен келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Азизи өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында: «Ешқандай келіссөз болмайды. Иранның шарттары қабылданбайынша, келіссөз жүргізудің мәні жоқ», – деп жазды.
Бұған дейін 18 маусымға қараған түні Тегеран мен Вашингтон 28 ақпанда басталған қақтығысты тоқтатуды көздейтін меморандумға қол қойған болатын. Алайда шілде айында АҚШ әскері Иран аумағына бірнеше рет соққы жасады.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл әрекетті Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан коммерциялық кемелерге қарсы Иранның шабуылдарына жауап ретінде жасалғанын мәлімдеді. Трамптың бұйрығымен АҚШ әскері Иранға жаңа соққы жасап жатыр.
