Сауд Арабиясындағы «Принц Сұлтан» әскери базасына жасалған соққы салдарынан құны жарты миллиард доллар тұратын америкалық әскери ұшақ жойылды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл – құны шамамен 500 миллион долларға бағаланған Boeing E-3 Sentry ұшағы. Аталған әуе кемесі АҚШ Әскери-әуе күштері үшін аса маңызды саналады. Ол AWACS жүйесімен жабдықталған, яғни әуе кеңістігін алыс қашықтықтан бақылап, нысаналарды анықтай алады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, соққы ұшақтың ең осал әрі негізгі бөлігі саналатын фюзеляж үстіндегі радиолокациялық радарға дәл тиген.
