Иран армиясы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Әл-Минхад әуе базасына дрондармен шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды мемлекеттік телеарна. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл туралы ақпарат Иранның мемлекеттік телеарнасы арқылы таратылды. Әзірге БАӘ тарапынан ресми түрде растау немесе түсініктеме берілген жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен ықтимал зардаптары туралы қосымша мәліметтер әлі белгісіз.